Әдетте күз айлары саяси науқан болып келетіні дәстүрге айналған. Күз айларында көбіне кадрлық ауыс-түйістер жасалып жатады. Бірақ ауыс-түйіске жоғары лауазым иелері ілігеді, ал бер-жақтағы ортанқол және кіші деңгейдегі басшылар аман-есен орындарында қалады. Ауысып келген үлкен басшы кіші басшыларды көріп-біліп, зерттеп дегендей, танимын дегенінше кемі жыл өтеді. Ортанқол және кіші басшылардың ішінде елге жақпайтындар аз емес. Олар бір тосын жағдайға ұшырағанда ғана көзге түсіп жазаланады немесе қызметінен кетеді. Ондай басшыларды елге күлкі немесе таба болмай тұрғанында күнібұрын ауыстырудың қалыптасқан жүйесі немесе науқаны жоқ сияқты.