Тариф қымбат, бірақ сапа бағаға сай емес

Депутаттар үкіметтен ұялы байланыс операторларының баға саясатына араласуды талап етті. Себебі байланыс тарифтері ай сайын болмаса да жылына екі-үш мәрте қымбаттағаны қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Соған қарамастан интернет пен мобильді байланыс сапасына қатысты шағым азаймай тұр.  Сондықтан депутаттар мәжіліс мінберінде бұл мәселені ашық көтеріп, байланыс құнының негізсіз қымбаттауына бір тоқтам болуы керектігін айтты. Бірақ биліктің жауабы «нарық өзі реттейді» дегеннен әрі аспады. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу