Сонымен, Таяу Шығыс пен Африкаға Қазақстаннан бітімгершілік әскер баратын болды. Бітімгершілік әскер жіберу туралы Президенттің ұсынысын Парламент мақұлдады.
Жалпы, «Бітімгершілік қызмет туралы» Заң біздің елімізде 2015 жылы қабылданған. Бұл заң бойынша шет елдердің аумақтарына бітімгершілік контингентті жіберу туралы ұсынысты Президент айтады. Сондай-ақ Президент ондағы Қазақстан әскерін мерзімінен бұрын қайтару немесе шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдауға да құқылы. Қазақстан әскерінің бітімгершілік міндетті орындауы халықаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.