Алматыда 25-ші қаңтарда сағат таң алдындағы 04-тен 21 минут өткенде тағы да жер сілкінісі болды. Зілзаланың кіндігі Алматыдан 273 шақырым қашықта, Қытай жерінде, 5 шақырым тереңде болды. Алматыдағы жер қозғалысы энергетикалық класы 13.2, магнитудасы 5,9 деп дәрежеленді. Ал қуаты 2 балл деп жатыр. Түннің терең кезі болғандықтан Алматы тұрғындарының көпшілігі мұны сезбей де қалды. Соның алдында және одан кейін Қытайда үш-төрт рет жер сілкінген. Олар Алматыда сезілмеді. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қалада жыл сайын 200-ден астам әлсіз, байқалмайтын жер сілкінісі болып тұратынын келтірді. Ал 23-қаңтардағы 5 баллдық жер сілкінісін қайтып болдыра көрмесін.