Түркістанда екі адамды азаптаған полицейлер сотталды

Шымкентте әртүрлі қылмыстарды жасағаны үшін оншақты полицейдің сотталғанын осыдан бірнеше күн бұрын ғана жазған едік. Енді полицейлердің сотталуы Түркістан қаласында да бұрқ ете қалды. Бұл жағдайды «Азаттық» радиосы бүге-шігесіне дейін келтіріпті. 
26-шілдеде Түркістан қалалық соты адамды «Азаптау» және «Заңсыз ұстау» баптарымен айыпталған алты бірдей полицейге бас бостандықтарынан айыру туралы үкім шығарды. Полиция қызметкерлері екі тұрғынды «қой ұрладыңдар, осыны мойындарыңа алыңдар» деп азаптағаны үшін сотқа тартылған екен. Сот үкім шығарған кезде залда шу шығып, судья мен прокурор қашып шығуға мәжбүр болыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу