Түркиядағы зілзаланың салдарынан қаза болғандардың саны сағат санап артып барады. Сейсенбінің түніне қараған уақыттағы мәліметте Сирия мен Түркияда қаза болғандар 5200-ден асқаны айтылды. Түркияда 3549 адам, Сирияда 1712 адам қаза болған. Одан бергі уақытта көз жұмғандар саны толығып та жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, апат аймағында 23 миллиондай адам тұрады. Апат аумағы – Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігі.