Қазақстандықтардың арасында Түркиядан үй-жай сатып алушылар соңғы жылдары көбейіп келеді. Былтыр да сол үрдіс жалғасып, тіпті қазақтардың Түркиядан үй сатып алуы күрт артты. Сарапшылар мұны екі түрлі себеппен байланыстырады. Бірі – қанды қаңтар, болса, екіншісі – Украинадағы соғыс. Осы жағдайларға қарай және тұрақтылықтың болуына күмәнмен қарағандар тыныштық іздеп Түркиядан үй сатып алып жатқан көрінеді.