Сонымен, Астанаға ығайлар мен сығайлар жиналды. Бірнеше ірі жиының ізбе-із өткізілуі басталып жатыр. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі саммит, ТМД елдері басшыларының кеңес отырысы, сондай-ақ «Орталық Азия – Ресей» деген форумға жан-жақтан әр елдің басшылары келген. Жиынның арасында Ресей басшысы Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған келіссөз жүргізеді деп хабарланған. Онда Ресейдің Украинаға басқыншылығы, екіжақты орыс-түрік қатынасы талқыланатыны айтылған.