Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді әлем реформатор ретінде біледі. Оған саяси тұлға деп қарайды. Міне, осындай саясаткердің Грузия түрмесінде жатқанына бір жарым жыл болды. Осы күні денсаулығы сыр беріп, әрі коронавирусқа шалдығып, бұрынғы нарттай жігіттің осы күні құр сүлдері ғана қалған. Көпке бармай үзіліп кетуі де ғажап емес.