Қазіргі уақытта апаттардан, соғыстардан қорғану мәселесі барлық елдерде өзекті. Елдер бомбадан қорғанатын арнайы жертөлелер салуды немесе жертөлеге ұқсас орындарды қорғанысқа ыңғайлауды ойластырып жатыр. Көптеген елдерде бомбадан қорғанатын орын проблемасы бар. Бомбадан қорғану мәселесі Қазақстанды да ойландырады. Жаман айтпай, жақсы жоқ деген, ертең бірдеңе бола қалса адамдар жасырынып жан сақтайтын орындар керек.