Үкіметке экономиканы индустрияландыру тапсырылды

Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуі көптеген бастамаларға негіз болып жатыр. Кешегі шығарылымымызда біз жиында сөз болған өзекті мәселелердің ішінен бизнестің заңмен қорғалуына байланысты жағын ашып көрсетуге тырыстық. Бүгін назарларыңызға Мемлекет басшысының экономиканы индустрияландыру жайлы тұжырымдарына тоқталамыз. Экономиканы әртараптандыру немесе индустрияландыру үшін бизнес ахуалдың өзін жетілдіру керек деген пікір айтылды. Бизнестегі ахуалды жақсартуға мемлекет қолдау көрсетуге дайын. Өз кезегінде бизнес импортты азайтуға және сырттан әкелініп жатқан қосалқы бөлшектерді немесе өзге қажетті бұйымдарды өзімізде өндіруге ұмтылыс жасағаны дұрыс. Ұсақ бөлшектерден дайын бұйым құрастырудың көбейгені индустрияландырудың бір көрінісі болар еді. Импорт кеміп, экспорт артып жатса құба-құп. Мысалы, машина жасау саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары ұсақ бөлшектерден өнім құрастыратын аралас өндірістерді ашуға кезең-кезеңімен бейімделуі қажет екеніне назар аударылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу