Естеріңізде болса, Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский 21-тамыз күні блогерге сұхбат беремін деп басы бәлеге қалған еді. Қазақстан блогері Диас Құзайырға берген сұхбатында елші украиндар орыстарды небарынша көп өлтіруге күш салып жатқанын айтқан болатын. Елші сонда «Біз оларды барынша көп өлтіруге тырысамыз. Орыстарды қазір неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың өлтіруіне соғұрлым аз қалады» деген.