Ұлт өкілінің сүйегін жат жерде қалдырмайтын жапондар қазақ жеріне жиі келеді

Өз азаматтарын аса қадірлейтін елдер болса, солардың бірі де бірегейі де Жапония болса керек. Жапония тіпті тірілерді ғана емес, бұдан 80 жылдай бұрын жат жерде қайтыс болып, әлдеқашан сүйегі қурап кеткен адамдарын да қастерлейтін ел. Яғни жапондар жер-жаһанды аралап, өз отандастарының жерленген орындарын іздейді, тапқандарының сүйегіне зерттеу жүргізеді. Ал анық-қанығына жеткеннен кейін сүйектерді еліне әкетіп құрметпен қайта жерлейді. Осы жұмыспен айналысатын өздерінің JARRWC деген ұйымы да бар екен. Ұйым дүниежүзінің әр қиырынан өз жауынгерлерінің сүйектерін елдеріне қайтарумен айналысады. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу