Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік арандатушылық атаулы жойылады

Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты кезекті ХХХІІ сессиясы өтіп, оған қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген оңды істер мен бастамаларды ортаға салды. Солардың бәріне болмаса да кейбіріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Мысалы, президент жиында еліміздің ұлттық бренді не екенін айтты. Ол дәстүрдің, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, өзге мәдениеттерге төзімділіктің тығыз тоғысуы – біздің баға жетпес байлығымыз, осы күнгі  тілмен айтқанда, ұлттық брендіміз екенін атап өтті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу