Бүгін Жеңіс күні. Осынау сұрапыл соғыстағы Жеңістің сексен жылдығы үлкен дата екені сөзсіз. Сонымен қатар жыл өткен сайын соғыстың салдары мен ауыртпалығынан сабақ алу керек деген тұжырым нығайып келеді. Екінші Дүниежүзілік соғыс салдары көптеген елдер мен халықтар үшін ауыр болғаны мәлім. Оның ауыртпалығын қос иықпен қайыспай көтерген халықтың бірі қазақ. Қазақстаннан соғысқа 1 миллион 200 мың адам аттанып, жартысынан астамы қаза болды. Қазақстаннан барған майдангерлердің 500-і Кеңес Одағының батыры атанды. Бұдан бөлек, Қазақстан қалалары мен даласы КСРО-ның негізгі әскери өнеркәсіп ошағына айналды. Сондықтан біз Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске ең көп үлес қосқан халықтың біріміз