Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автокөліктерге утильалым күрт қымбаттауы мүмкін. Экология министрлігі еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін көліктерге қатысты кәдеге жарату алымын қайта қарастырмақ. Ведомстваның бұйрығы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды.