Зейнетақы 8 жарым пайызға өседі. Еңбек министрлігінің есептеуілеріне сенсек келер жылы әрбір қазақстандық зейнеткерге осындай көлемде төлем қосылады. Министрліктің алдын ала болжамына сәйкес, 2027 жылы орташа ынтымақты зейнетақы 111 мың 640 теңге болады. Базалық зейнетақы шамамен 59 мың 100 теңгеге жетеді. Екеуін қосқанда – 170 мың 740 теңге болмақ. Бірақ бұл әлі адамның қолына түсетін барлық зейнетақы емес. Егер оның БЖЗҚ-да жинағы болса, оған қордан жеке есептелетін төлем қосылады. Сондықтан қазіргі орташа жиынтық зейнетақы 197 мың теңгенің айналасында болса, келесі жылы оның нақты мөлшері әр адамда әртүрлі болады.