Зейнетақы қорында ақша ұстау тиімсіздігін көрсетті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының былтырғы инвестициялық табысы 1 трлн 800 млрд теңге ғана болды. Ал бір жыл бұрын қор 3 трлн 700 млрд теңге табыс тапқан. Яғни, бір жыл ішінде инвестициялық табыс көлемі 47 пайызға төмендеп отыр. Ал, керісінше азаматтардың зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға алған жекелеген жеке инвестициялық компаниялар 8–14 пайыз аралығында табыс тапқан. Бағамдасақ, кей компаниялар инфляциядан да жоғары нәтижеге қол жеткізген. Бұл жағдай «мемлекеттік қорда ақша ұстау тиімсіз емес пе?» деген пікірдің күшеюіне алып келді.