Ресейдің Украинаға басып кіргенінің бір жылдығынан кейін соғыс бәсеңсіген жоқ, керісінше екі жақтың атыс-шабысы үдей түскен сияқты. Ресей Украина қалаларын «Shahed» ұшқышсыз аппараттарымен жаруды жалғастырып жатыр. Ақпанның 26-сынан 27-сіне қараған түні Киев бес жарым сағаттай әуе дабылы жағдайында болды. Ал таңғы 08-ден 25 минут өткенде алдымен Киев қаласында және орталық облыстарда, бір минуттан кейін бүкіл елде қосылған дабыл сиренасының құлақты жарар жағымсыз үші бір сағат бойы тоқтамды. Өйткені сол кезде Украина астанасы мен бірқатар өзге қалаларға қарай аппараттар ұшырылған еді.