Украина бірқатар елдің кәсіпорындарына және жеке тұлғаларына санкция салды. Енді олардың Украинаға қатысты барлық байланыстары мен экономикалық қатынастары тоқтатылады. Украинаның санкциясына іліккен нысандардың қатарында Қазақстанның екі ірі компаниясы да бар.
Негізінен санкция салынған компаниялардың Украинадағы активтері бұғатталып, сауда операциялары үзіледі деп жатыр. Ол компаниялардың капиталы Украинадан тыс жерлерге шығарылмайды. Украина санкция салынған компания өнімдерін өз аумағы арқылы тасымалдауға, пайдалануға тыйым салады. Украина бұл компаниялармен байланысты үзеді және барлық экономикалық және қаржылық міндеттемелерін орындауды тоқтатады.