Зейнетақы қорында салымы бар жинақтаушы белгілі бір межедегі сомадан асқан ақшасын өз пайдасына жарату жайы жиі айтылды. Оны анау-мынау емес, баспана алу, ипотекалық қарызын жабу сынды халықтың қажеттілігіне жаратуға болатынын естідік.
Шыны керек, қорда жинаған салымы белгіленген мөлшерден асқандар келер жылдан бастап, артылған ақшаны алатыны көпті қуантты. Десе де, оған көптің қолы жетпейтін сияқты. Неге десеңіз?!
6 миллионға жуық салымшының жинағы 500 мың теңгеге де жетпейді екен.