Жаңаөзенге комиссия барды, басшылар істі болып жатыр

Осыдан екі апта бұрын Жаңаөзеннің 70 шақты мұнайшысы Астанаға барып, әділдік талап етіп, наразылық ереуілін ұйымдастырған болатын. Арнайы жасақ тарапынан күш қолданылды, ереуілшілерді ұстап әкетті. Осыдан кейін жақындарын босатуды талап етіп Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары да өз қалаларындағы орталық алаңға жиналған. Астанада ұстап әкеткен мұнайшылар ертеңіне босатылып, үйлеріне қайтарылған. Даулы болған жағдай – «Өзенмұнайгаз» компаниясы үшін мұнай сервис қызметтерін көрсетуге арналған тендерде «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясы ұтылған. Сөйтіп жұмысшылар еңбектен қол үзіп қалған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу