Биылғы көктем соңы мен жаз басы құрғақшылығымен келіп, елді алаңдатып отыр. Өңірлердің бәрінде аптап ыстық, үп еткен жел мен тамған жаңбыр жоқ. Шаруа мен диханға өте жайсыз климат сақталып келеді. Қазгидрометтің болжауынша, құрғақшылық бес облыстың аумағында сақталатын көрінеді. Өзге өңірлерде тиіп-қашып өткінші жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұруы, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін деп жатыр.