Биыл соғыстың жылы болды. Бұл жағдай келесі жылы да жалғасатын сияқты. Көптеген елдер алдағы 2023 жылға әскерінің бюджетін арттырып, қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Қазақстан да өзінің әскери шығынын едәуір арттырды. АҚШ, Қытай сынды алып державалар да әскери бюджетін арттырып жатыр. Әскерге арналған шығыны ең көп ел АҚШ болып қала береді. Әскеріне 2023 жылға АҚШ 858 миллиард доллар бағыттайтын болды. Бұл сома конгрессте мақұлданды. Биылғы әскери бюджеті 770 миллиард доллар болған.