Жасанды интеллектіден адамзатқа қауіп төнуі мүмкін деген пікір пайда болды. Кім білген, роботтар бақылаудан шығып кетіп, адамзаттан озып шықса адам атаулы екінші рольде қалар, бәлкім. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, роботтар дамып, өздігінен көбейіп, жер бетіндегі ғылым-білім, технологиялар, саясат, билік, экономика сияқтының бәрін өз қолдарына алса не болады? Ондай жағдайда адамның орны да, құны да, мәні де жоғалады. Адам жай ғана тіршілік иесі деңгейінде қалып, роботтар бізді он орап кетсе қуырдақтың көкесі түйе сойғанда боладының кері келмей ме? Беті аулақ адамның орнына ештеңе жетпейді.