Еліміз жең ұшынан жалғасқан жемқорлардың әрекеттерінен көз ашпайтын болды. Қаншасы әшкере болып, сотталып жатса да жемқорларға дауа жоқ болып тұр. Жемқорлар қоғамның Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан деген бастамаларына пысқырып та қарамайды, парақорлықтан тазару, түзелу деген ниеттері де байқалмайды. Олай дейтініміз – жемқорлық фактілері өте көп. Ал ұсталмай жүрген құныққан жемқорлар одан да көп.