ЖЕМҚОРЛЫҚ: КҮДІКТІГЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БРАСЛЕТ ТАҒЫЛАДЫ

Жемқорлық, бюджет қаражатын талан-таражға салу, айлакерлік жасайтындар саны азаймай тұр. Бүгінгі брифингте Қаржы мониторингі жөніндегі комитеттің төрағасы біраз қылмыстың жайын мәлімдеді. Жалған валюта сатқандар арасында банк қызметкерлері бар. Үйде жасырын цех ашып, қолдан ақша жасағандардың әшкере әрекеті кесіліпті. "Бюджет қаражатын миллиардтап қолды еткен" деген айыппен бас қалада мекеме басшысы ұсталған. Тақауда қамауға алынған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі 500 миллион теңгені ысырып қылғаны айтылуда. Енді жемқорлық бойынша күдікке ілігіп, үй қамақта отыратындар электрондық браслет арқылы бақылауға алынатын болыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу