Мемлекеттік қызметке келген-кез келген атқамінер әу баста адал қызмет ету жайында ант-су ішеді-ау. Бірақ уақыт өте кейбірі сыбайлас жемқорлыққа белден батып, аты жер жарып жататыны жасырын емес.
Бюджет қаражатын жымқырған небір оқиғаларды жылда естіп жатамыз. Жылда қыруар ақша біреудің қалтасында кетіп жатады. Ол енді шындық!
«Түскі формат» бағдарламасында әріптестерім осы тақырыпта бүгін ойталқы жасапты. Оны да саралап көрелік.