Қазір әлемде тырысқақ ауруының кең ауқымды таралу қаупі асқынып тұр. Бұл жұқпалы эпидемияның алдын алу үшін шекараларда бақылау күшейтілген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемнің 43 еліндегі 1 миллиардтан астам адам тырысқақ инфекциясын жұқтыруы мүмкін. Індеттің таралуы 2021 жылы бастаған. Ал былтырғы жыл соңынан бері жағдай күрделі. Мамандар бұл дерттен болатын өлім саны көбеюі ықтимал екенін мәлімдеп жатыр.