Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Жетібай елді мекенінде мұнайшылар бірнеше талап қойып, ол талаптары орындалғанша тарқамаймыз деп ашық далада тұрғандарына дүйсенбі күні 8 күн болған. Күннің суығына қарамай 500-дей мұнайшы табандылық танытып далада тұрды.
Таратылып жатқан ақпараттарға қарағанда, талап қойып шыққан мұнайшыларға барып жатқан не жергілікті әкімдік қызметкерлері, не жоғары жақтың адамдары жоқ сияқты.