Заман жаңарып, технология дамыған сайын кей мамандықтар уақыт өте керексіз болып қалады дегенді жиі айтатынбыз. Жасанды интеллектінің жаппай қолданысқа енуі сол көптен айтылып жүрген кезеңді тым жақындатып жіберді. Қазірдің өзінде нейрожелі негізгі салаларда көмекші қызметін атқарып, кей кеңселерде адамдарды алмастыра бастады. Алдағы бес жылда жасанды интеллект адамзаттан асып түседі, - дейді түрлі салада төңкеріс жасап, интернет-экономиканың дамуына үлес қосқан Илон Маск. Оның пайымынша болашақта ақылды роботтар адам өмірінің барлық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бағамдасақ, қазір көпшілікке психолог, дәрігер, тіпті дос болып ақыл айтып жүрген ақылды алгоритмдер санаулы жылда санаға сіңіп, күнделікті өмірге етене еніп кетеді.