Жоқ 100 қап қантты сату, ішкен тамаққа ақша бермеу, ҰҚК-ненмін деп алаяқтық жасау

Адамдарды алдап-арбап, ақшасын үптеп кететін алаяқтар жайлы хабар толастамайды. Ондай оқиғаның мәліметі бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын қаптап жүреді. Ел ішінде сеңдей соғылысқан алаяқтар көбейген үстіне көбейіп те жатыр. Соған сәйкес, азаматтарды оп-оңай сазға отырғызып кету жағдайлары да жиілеген. Шыны керек, алаяқтардың алдында заң әлсіз сияқты әсерде қаласыз. Себебі олардың ұсталғандарынан, ұсталмағандары көп. Алаяқтардың қаптап жүруі де содан болар. Ұсталған күнде де дәлелдемелер жетіспейді деген сияқты себеппен босатып жіберетін жағдайлар да көп болатын көрінеді. Сондықтан нақты ұсталып, жаза тағайындалған алаяқтың оқиғалары ғана жария болып жатады. Жаза тағайындауға жеткізілгендерінің өзі көп болғандықтан хабарлары күн сайын баспасөз бетін бермейді. Соңғы күндері бірінің ізін бірі ала қатарынан болып жатқан және әшкереленген алаяқтық әрекеттердің кейбіріне біз де тоқтала кетсек дейміз. Өйткені мұндайды қалың көпшіліктің біліп жүргенінің артықтығы жоқ әрі бұл нәрсе елге сабақ болуы да керек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу