Жүргізушілер енді айыппұлды ғана емес, айып баллдарын да санап жүретін болды. Ішкі істер министрлігі Астана, Алматы және Шымкентте жол ережесін бұзғандарды есептейтін жаңа баллдық жүйені сынақтан өткізіп жатыр. Яғни тәртіп бұзғандарға айыппұлмен қатар арнайы балл да беріледі. Ереже бұзған адамға құқықбұзушылықтың ауырлығына қарай 1-ден 3 баллға дейін қосылады. Егер жүргізуші бір жыл ішінде 20 балл жинаса, көлік жүргізу құқығынан 1 жылға айырылады.