Соңғы уақытта елімізде журналистерге қысым көрсету, тіпті шабуыл жасау оқиғалары жиіледі. Әзірге оның себебі анық емес. Күдіктілер ұсталып, тергеу жүріп жатыр. Полиция журналистерге қарсы заңсыз әрекет жасады деген себеппен 18 адамды ұстаған. Мұндай әрекетке итермелеп, тапсырыс берушілердің кім екені, олар не себептен журналистерге өштесіп жүргені алдағы күнде анықталып та қалар. 2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейінгі аралықта Алматы мен Астанада алты журналист пен блогерге және олардың қызметіне қатысы бар деген тағы бір адамға қарсы бірнеше заңсыз әрекет жасалғаны айтылады.