Бүгінде аузына не келсе, соны айта беретін бейпілауыз адамдар көбейді. Олар әсіресе, әлеуметтік желіде отырып, ұлтаралық араздықтың дәнін себетін болды. Ондай адамдардың желіге жазған немесе желіде айтқан сөздеріне құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Тіпті желіге жалған атпен кіріп, жасырынып отырып жазба жүргізген күннің өзінде де кім екенін анықтап алады. Осыған өресі жетпей, ұлтаралық араздық тудыратын сөздерді айтушылардың талайы ұсталып, сотталып та жатыр. Адамдардың мұндай істерімен әшкере болғанының соңғы уақыттағы бірер оқиғасына тоқтала кетсек дейміз. Себебі ұлтаралық араздықты ұшқындату үрдісі азаймай тұр. Ал мұндай өте нәзік әрі алмағайып қасақана істің зардабы үлкен. Оны отпен ойнау дейді. Отпен ойнаймын деп күйіп қалып жатқандар қаншама.