Түркия мен Сириядағы жойқын зілзалаға екі апта өтті. Мұндай үлкен қасірет бүкіл Жер шарының тұрғындарын алаңдатты. Қайғыны бөлісуге және қолдан келген көмекті көрсетуге барлық дерлік мемлекеттер атсалысты.
Өкінішке қарай қаза болғандардың саны осы екі аптада 45 мыңнан асты. Түркияда 39 672 адам, Сирияда 5 800 адам опат болды. Із-түзсіз кеткендер туралы дерек әзірге келтірілген жоқ. Қаза болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін.