Түрік бауырларымызда үлкен қасырет. Біз, Қазақстан халқы түріктермен бірге қайғырып, Жаратқан жар болсын деп отырмыз. Оңай қайғы емес, ондайды адам баласының басына бермесін.
Түркияда зілзала болысымен-ақ кеше Қазақстан билігі жылдамдатып шешім қабылдады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, өзінің және халықтың атынан көңіл айтты. Президентіміз Қазақстан шұғыл түрде көмекке құтқарушылар мен дәрігерлерді аттандыратынын және бауырлас елге гуманитарлық көмек жөнелтуге дайын екенін жеткізді. Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, осы жолы 1939 жылдан бері болмаған ірі апат орын алған.