Әлеуметтік кәсіпкерлікке билік қолдау жасап жатқанымен, оның нақты не екенін елдің барлығы түсіне бермейді. Шынымен, бұл – бизнес пе, әлде қайырымдылық па? Былтыр Қазақстанда «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заң қабылданып, саланың дамуына септігін тигізді. Алайда кәсіпкерлер бұл аздық етеді,- дейді. Кәсіпкерліктің бұл түрінің басты артықшылығы - халық ішіндегі әлеуметтік осал топтарға қолдау. Олардың саны кейбір деректер бойынша, бір жарым миллион адамнан асып жығылады. Жалпы елде әлеуметтік кәсіпкерлік қалай дамымақ және оған кім мүдделі болуы керек? Бизнестің бұл түрінен халық пен экономика қандай пайда көреді?
Бағдарламаға қатысқан спикерлер:
Ардақ Отарбаев – «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы
Гүлмира Пармышева - Әлеуметтік кәсіпкер
Біржан Қожақов - «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің» төрағасы
Ақбота Серікханова - Экономист