Қысқаша өмірбаяны.
1975 жылы Жамбыл облысында туған. Бірінші мамандығы – журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының саясаттану және саяси басқару кафедрасының аспирантурасын бітірді. Заң ғылымдарының докторы, саяси ғылымдар кандидаты.
1998 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан ұлттық ғылым академиясының мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы болып жұмыс істеді.
2002 жылдың ақпанынан мамырына дейін Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментін басқарды. 2002 жылдың мамырынан бастап 2003 жылдың қыркүйегіне дейін «Казахстанская правда» республикалық газеті» ААҚ, 2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін «Заң» акционерлік компаниясын басқарды.
2004 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды. 2008 жылдың қазан айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болды, ал бір айдан соң ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі атанды.
2009 жылдың маусым айында мемлекет басшысының бұйрығымен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2011 жылдың қазанында елбасының жарлығымен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын иеленді.
Бірқатар монография, отандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен, ҚР Президентінің төсбелгілерімен, алғыс хаттарымен марапатталған.