Жаның сүйетін істі кәсіп етсең, өміріңде бірде бір күн жұмыс істемей өтесің. Мағынасы осыған келіп саятын Қытай халқының даналығын өмірде қолданған кәсіпкерлер көп, ел арасында. Соның бірі біздің бүгінгі кейіпкеріміз. Алаштың Ақселеуінің батасынан серпін алған "Әдемі-ай" компаниясы бар. Сан ғасырлық ғұрпымызға қайтадан жан бітіріп, замана тілінде сөйлеткен ұжым. Ермегін күн көрмекке де, ұлттың игілігіне де ұтымды пайдаланып отырған Баһаргүл Төлегенқызының оқиғасын тыңдаңыздар.
Жүргізуші: Азамат Алдонгаров.