АЛДАҒЫ ЕКІ АЙДА ШАҒЫН ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ТІРКЕУДЕН ӨТПЕСЕ, ҚЫЗМЕТІ ЖОЙЫЛАДЫ

Алдағы екі айда шағын қаржы ұйымдары тіркеуден өтпесе, қызметі жойылады. Жыл басынан бері қарыз беретін 1012 нысан лицензия алған. Оның ішінде 665 ломбард және 165 несие рәсімдейтін онлайн ұйым бар. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, енді оларға несие ставкасын жоғарлатуға, оңды-солды айыппұл салуға және қарыз мөлшерінен артық ақша өндіруге рұқсат жоқ. Бұдан бөлек, лицензия алған шағын қаржы ұйымдары мемлекеттік несиелендіру бағдарламасына қатыса алады.

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться