ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ЖАППАЙ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Жол бойындағы тамақтану орындары жаппай тексеріліп, талапқа сай келмейтіндеріне ірі көлемде айыппұл салынады. Біздің ресми сауалымызға жауап берген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы сарапшысының айтқаны бұл. Жалпы еліміз бойынша жол бойында жұмыс істейтін 865 тамақтану орыны бар. Оның 388-і талапқа сай келмейді. Яғни әжетхана сияқты басты қажеттіліктер жоқ. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге бірінші ескерту жасалып, олқылықтың орны толтырылмаса айыппұл салынады. Атап айтқанда шағын бизнеске тұтынушыға зиян келмеген жағдайда 30 АЕК, орта бизнеске - 310 АЕК, ірі кәсіпкерлерге 1600 АЕК салынады. Егер адамдар уланып, зардап шеккен болса айыппұл мөлшері ұлғайтылады. Мәселен, шағын бизнеске 460 АЕК, орта кәсіпккерлікке 620 және ірі бизнеске 200 АЕК көлемінде жаза қарастырылған. Бұл әзірге тек кафе сияқты тамақтану орындарыға қарастырылған шара. Келер жылдан бастап барлық қызмет көрсету орындарына, оның ішінде автокөліктерге қызмет көрсету орталықтарына да айыппұл салу жоспарланған.

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться