Осы шығарылымнан көріңіздер:
1) Жыл басынан бері ел қазынасының 70 мектеп салуға болатын қаражаты ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен.
2) Қазақстандықтар шетелге діни білім алу үшін ресми жолдамасыз аттанбаулары керек. Дін істері және азаматтық қоғам министрі осылай деп мәлімдеді.
3) Дәріханаларға қатысты GPP стандарты 2023 жылға дейін шегерілді. Осылайша Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлердің жанайқайына құлақ асатындарын білдірді.