Кәрібаевтар әулетінің қайырымды істері

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық жасау – қоғамның қасиетті парызы. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы азаматтардың өмірлік қағидасы осындай. Бұл өңірде 2000-ға жуық кембағал адам тұрады. Олардың 500-ге жуығы бала. 1998 жылы көмекке мұқтаж жандардың құқығын қорғап, қоғамға бейімдеп, қажетті қолдау көрсету үшін арнайы бірлестік құрылған болатын. Бұл ұйымның нәтижелі жұмыс істеуінде жергілікті кәсіпкерлердің рөлі зор. Жомарт жандардың арасында бірлестік басшысы Кәрібаевтар әулетін бірінші атайды. 20 жылға жуық уақытта бұл кісілердің қаржылай көрсеткен көмегі 20 миллион теңгеден асып кеткен.

Спикерлер: Зайсан аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы - Сәбиолда Мәкей; «Қара Ертіс» шаруа қожалығының төрағасы - Жеңісбек Кәрібаев; 10-сынып оқушысы - Аяулым Нұрбекова; Хафиза Мустафина атындағы мектеп-лицейдің директоры - Тоқтагүл Салбанова; 11-сынып оқушысы - Ұлан Солтанбеков; «Қара Ертіс» шаруа қожалығының бухгалтері - Ғалия Сәрсембаева; сатушы - Нағима Манысбаева; кәсіпкер - Сабира Кәрібаева.

Тілші: Берік Көшербаев.

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться