Кәсіпкердің қайырымдылығы

«Қазмедприбор» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі елімізде баламасы жоқ бірден бір өндіріс орны болып отыр. Он жылдан астам уақыт  бұрын іске қосылған зауыт Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізіліп, «Бизнестің-2020″ бағдарламасы аясында жұмысын дөңгелетіп келеді.  Бүгінде өндіріс орны заманауи рентген және УЗИ аппараттары, эндоскопиялық хирургияға арналған құрал-жабдықтар шығарады. Жедел жәрдем көліктерін жарақтандырады. Алып кәсіпорын денсаулық сақтау саласына қажетті күрделі және озық үлгідегі аппараттарды шығаруда әлемдік стандарттарға сай жұмыс істеуде. Ал, ағымдағы жылы «Қазмедприбор» холдингі әлеуметтік табысы зор өндіріс орны ретінде «Парыз» премиясының лауреаты атанды. 

Спикерлер: «Қазмедприбор» ЖШС-ның Бас директоры - Қанатбек Қаныбекұлы; Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бас инженері - Лесбай Садықов; облыстық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері - Әнуарбек Маймақов; облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі - Ербол Тастанов; көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы - Әлия Юсупова.

Тілші: Айнур Акбаева. 

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться