Шымкенттік кәсіпкер Ғани Ташқараевтың қайырымды істері

Бұл дүниеде кез-келген ата-ана перзентінің Абай атамыз айтқандай «дүниеге кірпіш болып қаланып», елге пайдасын тигізгенін армандайды. Солардың бірі деп Шымкент қаласында тұратын кәсіпкер Ғани Ташқараевты айтар едік. Елуді еңсерген азамат сонау тоқырау жылдары студент болып жүріп, бизнесін бастаған. Құрылыс нысандарын салып, тірлігін жүргізген. Бұл күнде үлкен жетістіктерге қол жеткізген Ғани Әбдіғаниұлы бизнесін туризм, құрылыс, мұнай өнімдері сияқты сегіз бағыт бойынша жүзеге асырып, табыс тауып отыр. Кәсіпкер сонымен қатар соңғы 10 жыл көлемінде Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. Халықтың алдында үлкен жауапкершілікті жүктейтін сенімді бұл азамат қолынан келгенше ақтауға тырысып бағуда. 

Спикерлер: "Мұнай Инвестмент Групп" АҚ Басқарма төрағасы - Ғани Ташқараев; №78 мектеп директоры - Қанткүл Жаңабаева; зейнеткер - Амангүл Исақұлқызы; облыстық садақ ату кешенінің аға бапкері - Ольга Ли; Шымкент қаласының тұрғыны - Сейітжан Ембергенов; "Мұнай Инвестмент Групп" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі - Владислав Андрюков.

Другие выпуски телепроекта
Подпишитесь на наш Telegram канал! Узнавайте о новостях первыми
Подписаться