Қазақстанда маңызы бар азық түліктердің саны он тоғыз. Оларға дәнді дақыл, сүт өнімдері, жарма және көкөніпен ет өнімдері кіреді. Қазақстан республикасының сауда және интеграция министрлігінің есебінше жыл басынан бері азық түлік тауарларының бағасы 4,4% өскен. Негізгі өсімде қарақұмық жармасы, қант және картоп пен сәбіздің қымбаттаған. Оған себеп егістік аумақтарының қысқаруымен байланыстырып отыр. Жалпы тағамға деген бағаның өсімі барлық аймақтан байқалған. Ал, тасымалдау және логистикалық жұмысы жолға қойылған кейбір бес түрлі азық түліктің бағасы керісінше біршама арзандаған. Осыған орай елдегі азық түлік бағасын тұрақтандыру үшін ауылшаруашылығы, ұлттық экономика мен Сауда және интеграция минстрліктерінің арасында өзара келісімге қол қойылған. Атқа мінерлердің сөзінше негізгі азық түлік мен тағам өндірісі елімізде өндірілетіндіктен тапшылық жоқ. Қоймалар толы, баға бақылауда.