Қазақта «Ас көп болса, кәде көп» деген сөз бар. Соңғы жылдары халық есепсіз ас пен тойдың әлегімен әуре болғаны жасырын емес. Біреуі байлығын жаһанға жар салғысы келсе, екіншісі «жұрттан қалмаудың» амалын жасауда. Сонымен қазіргі той өткізу мәдениеті — қуанышты бөлісу ме, бәсеке ме әлде бос мақтан ба?
Қайсысы болса да, отбасы бюджетіне біршама шығын әкелетіні сөзсіз. Той жасайтын адам да, тойға баратын адам да ұятқа қалмауы керек. Ұят! Жұрт не дейді? Қазақтың қанына сіңген осы бір ұғымның қаншалықты маңызы бар?