Астанада үстел теннисінен әлемдік турдың ақтық сын бәсекелері өтті. Гранд финалға 12 кезең барысында үздік шыққан спортшылар қатысып бас жүлдені сарапқа салды. Дүбірлі жарысқа олимпиада және әлем чемпиондары келіп, көрермендер тартысқа толы бәсекелердің куәсі болды.
Спикерлер: үстел теннисінің ардагері - Оразбек Божбанбаев; халықаралық үстел теннис федерациясының президенті - Томас Вайкерт; Қазақстан спортшысы - Кирилл Герасименко; Жапония спортшысы - Томоказу Харимото; Германия спортшысы - Дмитрий Овчаров.
Жүргізуші: Самат Қанағатов.