Бүгін «Қазақмыс» корпорациясы шетелдің маңдайалды геомеханика саласының мамандарын арнайы шақырып, Астанада халықаралық конференция ұйымдастырды. Алқалы жиынды өткізудегі мақсат – Жезқазған кен орнының жұмысын тиімді және қауіпсіз жүргізуде тәжірибе алмасу. Салиқалы сарапшылардың пікірін тілшіміз Кәусар Аяпберген тыңдап келді.
Спикерлер: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарушы кеңесінің бас директоры - Бахтияр Қырықпышев; «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Геомеханика жөніндегі сарапшысы - Александр Макаров.